Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыз алып қашудың ақыры – қылмыс

Қыз алып қашудың ақыры – қылмыс

Фото: ашық дереккөзден алынды
Қыз алып қашу, заманы мен адамына қарамастан, іске асуын тоқтатар емес. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік облыстары отбасы болудың осындай үлгісіне құштар-ақ.Жақында ғана желіде желдей ескен қайғылы әрі қанды оқиға да сонда орын алған. 21 жастағы Шымкенттік Нұрайдың қазасы көптің қабырғасын қайыстырғаны рас. Біріміз бұл жағдайдан сабақ алдық, ал енді біріміздің алаңдаушылығымыз одан сайын артты.
Әйтсе де, кінәні әркім әр жақтан іздеп әлек. Әлеуметтік желілерде қызу талқылау жүріп, кейбіреулер мұндай әрекеттерді «дәстүр» деп ақтаудың орынсыз екенін айтуда. Дегенмен, мәселені тұтас дәстүрге жабу қаншалықты әділетті? Бар кінәні салт-сананың мойнына іліп қою оңай, алайда дәстүрді сылтау етіп, жауапкершіліктен жалтарғандардың әрекетіне көз жұма қарау тағы мүмкін емес.
Несін жасырайық, ел ішінде «қыз алып қашып сотталыпты» деген анда-санда айтылатын қауесеттер болмаса, бұл жолмен үйленгендердің 90 пайызы тату-тәтті, өзгеге үлгі боларлық өмір сүруде. Көп жағдайда алып қашып үйлену екі жақтың алдын ала келісімімен болады. Ал бас қоспай қалған 10 пайыздың жағдайы басқа. Олар осы «дала заңын» өз пайдасына бұрып, жігіттің қыздың келісімін елемей, күштеп алып қашуынан туындайды. Тіпті соңы немен аяқталатынын біле тұра, дәстүрді сылтау етіп, заңды белден басып жүргендер де бар. Дегенмен «дәстүр» деген сылтаумен қыз алып қашу – адам құқықтарын аяққа таптаған, өркениетке жат әрекет.
Ел Президенті де дәл осы ойды құптайды. Ол өз сөзінде «Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек» деген еді.
Расында қазір қыз алып қашу дәстүрден бұрын – адам ұрлау, яғни қылмыс саналады. Елімізде 2025 жылдың 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бабы «Неке қиюға мәжбүрлеу» енгізілді. Бұл норма адамды оның еркінен тыс некеге тұрғызу немесе бірге тұру мақсатында ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады. Енді мұндай әрекеттер ауыр қылмыс ретінде сараланады және кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал ауыр жағдайларда жаза 10 жылға дейін ұлғаяды. Бұрын жәбірленушіні өз еркімен жіберген жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін норма алынып тасталды. Енді жаза жәбірленушіні босатқанына қарамастан тағайындалады.
Адамзат баласы ХХІ ғасырдың 26-шы жылына аяқ басты десек те, қыздарға күш көрсетіп, олардың өмірінің ойранын шығарып, тағдырымен ойнағысы келетіндер әлі де бар. Мұның себебін мамандар түрліше қарастырады. Заңгерлер мұндай жағдайдың қоғамда көрініс табуын кей азаматтардың құқықтық сауаттылығының төмендігімен байланыстырады. Ал психологтар мұндай қадамға баратындар өз әрекетінің салдарын сезінбейді дейді. Мұндай адамдарды инфантильді деп атайды. Олар келесі бір адаммен арадағы келісім жойылса да, өз қателігін мойындамайды. Істеген ісіне де жауапкершілік алмайды, – дейді психолог мамандар.
Жоғарыда аталған жағдайдан кейін «сЕкіліктің жетегінде кетпей, жаңғыруға қалай жол ашамыз? Жауапкершілік жүгінің ауыр екенін жастардың санасына қалай сіңіреміз? » деген өзекті сауал бүгінгі қоғамды толғандырғаны рас. Осы мәселені қоғамдық талқыға ұсынып көрген едік.
Назгүл Жетібаева есімді келіншек отбасылық институт нығайтылмайынша, «дәстүр» деген желеумен қыз баласының ғұмыры таптала беретінін айтады. Оның пікірінше, мәселенің түп-тамыры – отбасындағы тәрбие мен құндылықтардың әлсіреуінде.
Ал Қасиет Меңдібаев есімді азамат жігіт баласына жастайынан «қыз баланың таңдауын биік қою» ұстанымын құлағына сіңіру қажет дейді. Айтуынша, бүгінде көптеген жігіт өз қалауына түскен қызды оның еркіне қарамастан алып қашуды әдетке айналдырған. «Қыз келісімін беріп, «мен сені таңдадым»деген жағдайда ғана отбасы құруға болады. Таңдау – екі жаққа да ортақ болуы тиіс», – дейді ол.
Қай қырынан қарасаң да, «қыз алып қашу» дегенің ақылға да, арға да қайшы іс. Біреудің аялап өсірген қызын жау олжасындай күштеп әкету – мәдениет емес, надандықтың көрінісі. Қыздың келісімінсіз, еркінен тыс байлап-матап әкелуді жігіттікке балау – масқара. Мұндай әрекеттегі ниетті ештеңемен ақтауға болмайды. Сондықтан әрбір ер адам қыздың еркіндігіне құрметпен қарап, бұл дәстүрді қылмыс екенін түсініп, өз ісіне де, өзгелердің өміріне де жауапкершілікпен қарағаны жөн.
А. ЖҮСІПОВА
27 қаңтар 2026 ж. 123 0

Жасөспірім және заң

27 қаңтар 2026 ж. 94

Ерлікке толы ғұмыр

27 қаңтар 2026 ж. 112

Халыққа қолайлы қызмет

27 қаңтар 2026 ж. 111

Рухты жастың темірқазығы

27 қаңтар 2026 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031