Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыз алып қашу: дәстүр ме, әлде қылмыс па?

Қыз алып қашу: дәстүр ме, әлде қылмыс па?

Қазақта тамырын тереңінен алатын дәстүрлер көп. Әрбір салт-дәстүрдің өз заманына сай мән-мағынасы бар. Олардың ұрпақтан-ұрпаққа қалып бізге жеткенінен бөлек, жетпегені қаншама. Солардың бірі – қыз алып қашу. Қыз алып қашу бұрынғы заманда жас жігіттің сүйген қызына қосылуына, белгілі бір себептердің кедергі болуынан туындаған. Көп жағдайда жігіттің сүйген қызын әйелдікке алу қиындық тудырған немесе қыз баласы өзін атастырып қойған жанды менсінбегендіктен, сүйгенімен қашып кетуінен де болған. Осы туындаған мәселелердің бір шешімі қызды өзінің келісімімен немесе одан тыс алып қашу. Тек осы жағдайда ғана, ата-аналары қарсылық білдіре алмайды. Оның үстіне «қайтып келген қыз жаман» – деп қызды барған жерінен қайтып әкетпейді. Сондықтан жігіт қалың мал құнын өтей алса да, алмаса да қыз тұрмыста қалады. Алайда мұның заманы өткен. Қазір қыз алып қашуды салт-дәстүрге балағандардан гөрі, қылмыс санайтындар саны артқан.
Алып қашу деген – алыс-беріс, барыс-келістерді қысқартатын дүние. Бұрынғы заманда мұның басқаша сипаты болған. Кінәлі болып қалса немесе таза болмай қалса, соны білдіртпеу үшін жасалатын қам деп ұғу керек. Алып қашу – үйленуге қатысты барлық ереже-қағидаларды қысқартып, ықшамдау, яғни, бүгінгі тілмен айтқанда, оптимизациялау. Бұл ұрлыққа жатпаған. Дәстүр бойынша бір-бірін танитын, келіскен адамдардың арасындағы ғұрып. Ал танымайтын біреуді алып кету – нағыз қылмыс, адам ұрлығы. Алайда мұнда да бір кілтипан бар – қыз қашып келген үйіне келген соң ойланып қалуы немесе ойынан қайтып қалуы, тіпті болмаса ата-анасынан қорқуы қазірде көбіне бұл салтты – адам ұрлығы қылмысына ұқсататын бір себеп болып отыр. Мұның ақырында ықтиярды қыздың өзі шешеді. Қыз алып қашу дәстүрі бойынша, қуғыншы барып, «Өз еркіңмен келдің бе?» деген сұрақ қойылуы тиіс. Оған «зорлықпен алып келді» десе, бұрын да, қазір де жазалайды.
Қыз алып қашу – қақиып отырып сөйлесіп, асын ішіп, қызды алып кету емес. Оның ішінде ойын-сауық элементтері бар. Бұл негізінен ойынға негізделген қойылым, спектакль элементтері бар дәстүр. Ал негізінде бұл алдын ала келісіліп қойған нәрсе. Ешкім қызын бермей қояйын деп отырған жоқ. Алғанның өзінде көңіл көтеріп, ән айтып, әзілдеседі. Бұл дәстүр театрландырылған көрініспен пара-пар десек болады.
– Қыз алып қашу, тіпті, өз еркімен болсын, еркінен тыс болсын – адам ұрлығына жатады. Келісімге сай, өзі сүйетін жігітімен қашып кеткен қыз әрине полицияға арыз жазбайтыны анық. Бірақ Қазақстан қоғамының ең бір жаманы – еркінен тыс алып қашудың құрбаны болған қыздар да әлі күнге дейін арыз жазбайды, қорқады. Өйткені, «босаға аттаған, сол жігіттің үйінде қонып қалған қыздың» үйіне оралуы – масқара, ұят. Бірақ жекелеген жағдайлар да бар. Егер еркінен тыс біреудің босағасын аттаған қыз арыз жазса және ол жігіттің кінәсі дәлелденсе, жеті жылға дейін соттауға болады, – дейді заңгер маман.
Бүгінде салтты сылтауратып, заңды айналып өтетіндер көп-ақ. Көшеден көзі ілген қызды алып қашып, еш махаббат пен мәнсіз отау құрып, шаңырағы шайқалып жатады. Бірақ ел арасында қыз алып қашып, үйленгендер тәлімді де тәрбиелі ұл-қыз тәрбиелеп, елдің өркендеуіне үлес қосып жүргендерді де көріп жүрміз. «Заманына қарай адамы» демекші, қазіргі жастар бірін-бірі көріп, танып барып тұрмыс құрғысы келеді. Сондықтан саусақ ұшы шошайта көрсеткен қызды алып қашқаннан, танысып, біліскен соң ғана алып қашарға амал болмаса бойжеткенмен келіскеннен кейін шаңырақ көтерген жөн. Сол кезде салт та, заң да сақталары анық.
Дайындаған
Серік АҚМЫРЗА
16 тамыз 2022 ж. 1 434 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930