Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

6 желтоқсан - мемлекеттің құқықтық жүйесіндегі аса маңызды құрылымдардың бірі саналатын - Прокуратура қызметкерлерінің күні.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ауданымызда заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыс жасап келе жатқан Қазалы аудандық прокуратурасының ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Аудан басшысы аудан прокуроры Дарын Әбіш пен сала қызметкерлеріне арнайы «Құттықтауы» мен «Алғыс хаттарын» табыстап, құрмет көрсетті.
-Прокуратура – мемлекеттің құқықтық жүйесіндегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Сіздердің заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу және әділеттілікті орнату жолындағы қажырлы қызметтеріңіз қоғамда тұрақтылық пен әділет салтанат құруының кепілі болып табылады. Ауданымызда заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жасап жатқан елеулі еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, - деді аудан басшысы.
Басқосуда аудан басшысының алдағы жұмысына сәттілік тілеген Дарын Елтайұлы арнайы құттықтап келген азаматтарға шынайы ризашылығын жеткізді.
10 желтоқсан 2025 ж. 132 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031