Аудан әкімі Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі мен адам құқықтары жөніндегі өкілмен кездесту
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаевпен кездесті.Кездесуде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар және бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.
Бағдат Әбдіқадыр мен Берікбол Байхожаев ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, мемлекеттік қызметшілер арасында әдептілік қағидаларын сақтау, халықпен тиімді байланыс орнату бағытындағы алдағы уақытта жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстардың атқарылатындығын жеткізді. Сондай-ақ, аудан әкімі мен аудан халқының игілігі жолындағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Қазалы ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген қонақтар аудандағы мемлекеттік қызметкерлерге арнап көшпелі семинарлар мен жеке қабылдаулар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік қызметішілерге қызметтік этика, құқықтық сауаттылық, мемлекеттік қызметтегі тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.














