Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрмет төрінде – тәртіп сақшылары

Құрмет төрінде – тәртіп сақшылары

Сенбіде аудандық ішкі істер бөлімінде тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі – Қазақстан полициясы күні атап өтілді. Онда аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов ішкі істер саласының қызметкерлерін төл мейрамдарымен құттықтап, ақжарма лебізін жеткізді.
– Баршаңызды кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл ел тыныштығын сақтап, Тәуелсіздікті нығайту жолында еткен еңбектеріңізге деген шынайы құрмет деп білемін. Себебі, тұрғындардың алаңсыз өмір сүруі тікелей сіздерге байланысты. Сондықтан да Елбасы тынымсыз еңбектеріңізді ескеріп, қашанда құқық қорғаушыларға айрықша мән беріп келеді. Иықтарыңызда жоғарғы шен жұлдызы жарқырап, полковниктік дәрежеге жетулеріңізді тілеймін, – деген Әлімжан Мұратбайұлы бірқатар полиция қызметкерлерін облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, «Қазақстан полициясына 25 жыл», ішкі істер органында 20, 15, 10 жыл мінсіз қызметі үшін І, ІІ, ІІІ дәрежелі медальдарын табыстады.
«Ішкі істер органдары – мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі. Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен ерекше құнды. Қырағы мамандықты таңдаған ішкі істер органының қызметкерлері ел алдындағы борышын айқын сезінетіні сөзсіз.
Бөлім басшылығы тарапынан ардагерлер мен әріптестерді айтулы күнмен құттықтаймын. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңіз елеулі болсын. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа сай абыройлы қызмет ете беріңіздер», – деді АІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Өтеулиев.
Сондай-ақ, сала ардагерлері Есқара Қуандықов, Беганыш Жақсыбаев, полиция подполковнигі Құрмет Есетова ыстық ықыласты тілектерін білдірді.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
26 маусым 2018 ж. 2 202 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930