Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездесті

Аудан әкімі денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов денсаулық сақтау саласының ардагерлері Құбыл Ршымбетов, Болат Сәдуов және Омарғали Басымбеков сынды азаматтармен кездесті.
Кездесуде аудан әкімі өңірде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың басшылығымен медицина саласында атқарылып жатқан игі жұмыстар жайында айтып өтті.
- Өздеріңіз білесіздер, аудандағы денсаулық сақтау саласында елдің игілігіне бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұған дейін ауданымыздағы Абай, Бозкөл және Кәукей ауылдарында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулториялар пайдалануға берілсе, биыл ұлттық жобасы аясында Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасының жанынан 42 төсектік кардиология және инсульт орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аудан халқына жоғары және сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған орталықтың құрылысы желтоқсан айының екінші онкүндігінде аяқталатын болады. Жоба бойынша онда бүгінге дейін аудан тұрғындары үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып келген МРТ құрылғысы орнатылып, тиісті мамандардың білімі жетілдірілмек. Өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен ауданның денсаулық сақтау ұйымдарының автопаркін жаңару мақсатында 25 санитарлық автокөлік алынып, бүгінде халыққа сапалы қызмет етуде. Әрине, мұның барлығы аймақ басшысының денсаулық сақтау саласының дамуына көрсеткен үлкен қолдауының нәтижесі, - деді аудан әкімі.
Алмасбек Әбілқасымұлы сала ардагерлерімен кездесу барысында Қазалы ауданының Құрметті азаматы, медицина саласының ардагері Құбыл Ршымбетовті 77 жасқа толған төл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ үлкенге құрмет көрсетудің, адал еңбекті бағалаудың маңызын атап өтті.
Айта кетейік, өткен жылы 50 жыл бойы өңірдің медицина саласында қалтқысыз қызмет атқарып, адал еңбегімен халықтың ықыласына бөленген ардақты азамат Құбыл Ршымбетұлына - Президент Жарлығымен Сыр өңірінің медицина саласының дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік награда - «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталған болатын.
Басқосуда аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен медицина саласының ардагерлері Болат Сәдуов саладағы оң өзгерістер, халықтың денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарға алғыстарын жеткізіп, мереке иесіне ізгі тілектерін жеткізді.
19 қараша 2025 ж. 62 0

Бүгінгі валюта бағамы

18 қараша 2025 ж. 143

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930