Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қан тамырлары ауруын азайтуға мән берілуде

Қан тамырлары ауруын азайтуға мән берілуде

Соңғы кездері ауданда жүрек қан тамырлары аурулары жыл санап өсіп барады. Бұрындары айықпас сырқатқа жасы егде тартқандар шалдығатын. Осы күні жастармен қатар жасөспірімдер де жүрегі шаншып, қан қысымы көтеріліп, ауруханаға жиі түсу дерегі тіркелуде. Аудан дәрігерлері дертті емдеп, жазудың жолдарын қарастыруда. Ангиограф аппаратымен ауыр халдегі науқастарға ота жасап, қауіптің көзін жойып, оларға денсаулық сыйлап келеді. Дей тұрғанмен Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасындағы кардиология және инсульт бөліміндегі төсек орындары түсіп жатқан науқастар үшін аздық етуде. Сондықтан күн тәртібінде қосымша төсек орындарын көбейту мәселесі туындады.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №962 қаулысына өзгеріс енгізу және ҚР Үкіметінің №823 қаулысына сай Денсаулық сақтау саласында халықтың, оның ішінде ауыл тұрғындары денсаулығының кейбір көрсеткіші алаңдатарлық жағдай туғызуда. Яғни қан айналымы жүйесі: жіті миокард инфарктінен, инсульттерден; тыныс алу органдары ауруларынан қайтыс болудың көптігі. Сондай-ақ жарақаттан өмірі қиылғандар саны өсуі байқалады.
Қазіргі уақытта ауылда халықтың 41 проценті немесе 7,8 миллионнан астам тұрғын тұрады. Олар үшін қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселелері маңызды.
Қолданыстағы 20 орталық аудандық аурухана КОАА болып қайта құрылады және тиісті бөлімшелер ашу үшін ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізу, реконструкциялау, жапсарлас құрылыстарды салу, медициналық жабдықтармен (КТ, МРТ, ангиографтар, сараптамалық сыныптағы УДЗ аппараттары, реанимация, операция бөлімшелеріне арналған жабдықтар және тағы басқа) жарақтандыру арқылы жаңғыртылатын болады. Инсульт және кардиология орталықтарын ашу мәселелері жүзеге асырылады.
– Жүрек қан тамырлары ауруымен Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасында 10378 науқас диспансерлік есепте тұрады. Қазір инсульт бөлімінде 15, кадиология бөлімінде 28 науқас ем алып жатыр, – дейді Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Қадірбек Алипов.
Осыған орай «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Қазалы аудандық көп бейінді ауруханасы» жанынан 42 төсектік тұратын жапсарлас ғимарат салу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аудандық ауруханада басталған қосымша құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «СМП Кызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алып, кардиология және инсульт орталығының құрылысын бастады. Маңызды міндеттемені жауапкершілігіне алған серіктестік аудан халқына жоғары және сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған орталықтың құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет «СМП Кызылорда» ЖШС-нің жауапты өкілдерімен кездесті. Жобаның жалпы құны 1,9 миллиард теңгені құрайды. Жоба бойынша кардиология және инсульт орталығының құрылысы аяқталғаннан кейін онда бүгінге дейін аудан тұрғындары үшін ең өзекті мәселелердің біріне айналған МРТ құрылғысы орнатылады деп күтілуде. Сонымен бірге тиісті мамандардың білімі жетілдіріледі.
Аудан басшысы мердігер мекеменің өкілдеріне шипалы орталықтың аудан тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сол үшін де бастысы, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтау керектігін айтты.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

29 сәуір 2025 ж. 161 0

Талабы таудай Элля

29 сәуір 2025 ж. 156

Елді жаудан қорғаған ер

29 сәуір 2025 ж. 153

Менің атам – майдангер

29 сәуір 2025 ж. 148

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930