Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда кардиология және инсульт орталығының құрылысы жүргізілуде

Қазалыда кардиология және инсульт орталығының құрылысы жүргізілуде

Бүгінде Қазалы ауданындағы денсаулық сақтау саласында елдің игілігіне бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұған дейін ауданымыздағы Абай, Бозкөл және Кәукей ауылдарында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулториялар пайдалануға берілсе, биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасының жанынан 42 төсектік кардиология және инсульт орталығының құрылысы басталды.

Аудан халқына жоғары және сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған орталықтың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жоба бойынша кардиология және инсульт орталығының құрылысы аяқталғаннан кейін онда бүгінге дейін аудан тұрғындары үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып келген МРТ құрылғысы орнатылып, тиісті мамандардың білімі жетілдірілмек. Осындай соңғы үлгідегі жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі мен жаңа қазіргі заман талабына сай салынған ғимараттар аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға оң ықпал ететін болады.

Одан бөлек, өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен ауданның денсаулық сақтау ұйымдарының автопаркін жаңару мақсатында 25 санитарлық автокөлік алынып, бүгінде халыққа қызмет етуде.

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз-брифингінде аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет баяндады.

27 шілде 2025 ж. 240 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930