Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан сала озаттары марапатталды

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан сала озаттары марапатталды

Бүгін Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Тарихы терең, бірлігі бекем Сыр елі» атты салтанатты шара өтіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан сала озаттары марапат төрінен көрінді.
Облыс орталығында өткен шарадан кейін Қазалы ауданында да салтанатты шара жалғасып, Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарға Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы» мен облыс әкімнің «Алғыс хаттары» табысталды.
Р.Бағланова атындағы аудандық Мәдениет үйінде өткен шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген барша аудан жұртшылығына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың алғысын жеткізді.
Өздеріңіз білесіздер, 30 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келіп, аймақтағы жаңа әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік нысандардың жұмысымен танысты. Бірқатар ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, облыс жұртшылығымен кездесті. Президентіміз облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарып жатқан қарымды қызметін «Облыс жалпы жақсы дамып келе жатыр. Қарқыны жоғары»,- деп оң бағасын берді. Бүгінде «Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірінің Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен, облыс әкімінің ұтымды үйлестіруімен жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Қазыналы Қазалы ауданында да көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде аудан халқының игілігіне бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. Биылдың өзінде аймақ басшысының қолдауымен аудан бюджеті 18,9 млрд. теңгеге бекітілсе, есепті кезеңде нақтыланған бюджет көлемі 26,7 млрд. теңгеге жетті. Соңғы жылдары барлық макроэкономикалық көрсеткіштеріміз 100 пайыздан артық орындалып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Бұл ауқымды қаражат аудандағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды. Қызылорда облысының өсіп-өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолындағы еңбектеріңіз үшін Сіздерге аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының шынайы ризашылығын жеткіземін, - деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Қазыналы Қазалы ауданында соңғы жылдары Президентіміздің, Үкіметтің, қолдауымен аймақ басшысының басшылығымен, аудан халқының ауызбіршілігінің арқасында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Соңғы үш жылда Әйтеке би кентінде 250 орындық мектеп, 600 орындық Мәдениет үйі, Қ. Пірімов және Ү.Түктібаев ауылдарына 2 спорт кешені, Бозкөл, Кәукей, Абай ауылындарында 3 дәрігерлік амбулатория, Кәукей ауылында 100 орындық ауылдық клуб сынды нысандар ел игілігіне пайдалануға берілсе, 198 отбасыға жаңа баспана кілті табысталды.
Ал, биыл жыл басталғалы бері жаңа прокуратура ғимараты, Жанқожа батыр ауылында 300 орындық «Келешек мектебі», «Руханият» орталығы, Қазалы мәдени-демалыс кешені сынды нысандар пайдалануға берілді.
11 қараша 2025 ж. 137 0

Кәсіби шеберлік ордасы

11 қараша 2025 ж. 145

Темір жол – өмір жолы

11 қараша 2025 ж. 125

Ауылда мешіт ашылды

11 қараша 2025 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930