Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 14 мыңнан астам бала үйде білім алып жүр

Қазақстанда 14 мыңнан астам бала үйде білім алып жүр

Фото: pexels
Премьер-министр Олжас Бектенов ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау шаралары туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін 235 мыңнан астам бала тіркелген. Олар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда есепте тұр.
"Олардың ішінде 100 мыңнан астамы инклюзивті білім беру жағдайында оқиды. Дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың қорытындыларына сәйкес, 14 мыңнан астам оқушыға үйде білім алу ұйымдастырылған", — делінген премьер-министрдің жауабында.
Олжас Бектеновтің айтуынша, биылғы оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында қимыл-қозғалысы шектеулі балаларды физикалық тұрғыда сүйемелдеу үшін "жеке көмекші" деген жаңа лауазым енгізілді. Бұл қадам үйден оқитын балалардың санын азайтуға және олардың әлеуметтенуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, оқушыларды қолдаудың сапасын арттыру мақсатында педагог-ассистент лауазымы енді тек орта білім беру ұйымдарында ғана емес, мектепке дейінгі және техникалық білім беру деңгейінде де қарастырылған.
Айта кетейік, 6 мамырда Оқу-ағарту министрлігі ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қажеттіліктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізген болатын.
05 қараша 2025 ж. 318 0

Салт пен сабақтастық

04 сәуір 2026 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930