Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің колледждерінде педагог-ассистенттер дайындайды

Еліміздің колледждерінде педагог-ассистенттер дайындайды

2025 жылдан бастап еліміздегі колледждерде педагог-ассистенттерді дайындайтын болады. Бұл  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге қажет, деп жазады Qazaqstan Media.
Қазіргі уақытта психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру есебінде (ПМПК) ерекше білім беруді қажет ететін 203 мың бала бар. Олар 496 арнайы білім беру ұйымдарында оқиды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін балабақшалардың 69%-да, мектептердің 88%-да және колледждердің 80%-да жағдай жасалған. Мектептерде 1071 арнайы жасақталған кабинет жұмыс жасайды.
«Еліміздің мектептерінде «педагог-ассистент» лауазымы енгізіліп, мамандар саны бір жылда 1000-нан 2,5 мыңға дейін артты. Педагог-ассистент лауазымын мектепке дейінгі ұйымдарда енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен 9 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс жасайды. Мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, келесі оқу жылынан бастап еліміздің колледждерінде «педагог-ассистенттер» дайындау қолға алынуда», — дейді Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.
27 қараша 2024 ж. 35 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930