Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық актілер туралы әдістемелік семинар өтті

Құқықтық актілер туралы әдістемелік семинар өтті

Облыстық білім басқармасының тапсырмасына сәйкес «Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда заңнамалық-құқықтық актілер» тақырыбында семинар өтті. Қазалы аудандық білім бөлімінің және Педагогикалық-психологиялық медициналық-консультациялық мекемесінің ұйымдастыруымен болған жиынға білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Семинар барысында Қазалы ауданы бойынша «Педагогикалық-психологиялық медициналық-консультация» мекемесінің басшысы А.Тлеумбетова баяндама жасады.
– Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың: “Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуы тиіс” дегені есте.
Бұл дегеніміз инклюзивті білім беру баланың емес, жүйенің өзгеруін болжайды. Біріншіден ерекше білім беруге қажетті балаға деген көзқарас өзгеріп, мүсіркей қараудан арылуды, оларға қатысты «түзетілмейді» деген психологиялық тосқауылдар, теріс әлеуметтік ұстанымдар мен таптаурындардан арылуды көздейді. Екіншіден ерекше баладан дана бала шығаруды көздемейді, ерекше баланы әлеуметтендіруді басты мақсат етеді. Үшіншіден баланың жеке ерекшеліктері мен қабілетіне сәйкес келетін түрлі әдістерді пайдалануды мақсат етеді, – деді психолог. 

Сонымен қатар білім беру ұйымдарында инклюзия қағидаттарын іске асыру үшін басты мәнге ие нормативтік құқықтық құжаттарға тоқталды. Атап айтар болсақ,  «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Білім туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енггізілгені туралы сөз етілді.  
Сондай-ақ, инклюзивті білім беруде басшылыққа алатын заңнамалар аясында жеке оқу бағдарламасы, бейімделген жалпы білім беру бағдарламасына, білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі туралы түсіндірме-ақпараттар берілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
13 желтоқсан 2022 ж. 674 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 153

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031