Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50%-ын жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50%-ын жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары зейнетақы жинақтарының 50%-ін жеке инвестициялық компанияларға бере алады. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жоба биыл 1 шілдеден бастап жүзеге асады. Салымшыларға өзінің зейнетақы жинақтарының 50%-ін өз таңдауымен жеке басқарушы инвестициялық компанияларға беру құқығы беріледі. Бұл азаматтарға зейнетақы активтерін басқаруға қатысуға, өздерінің зейнетақы жоспарын құруға, жинақтарын инвестициялаудың балама саясатын таңдауға мүмкіндік береді.
Министрліктің айтуынша, зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру кезінде әртүрлі инвестициялық стратегияларды пайдалану, неғұрлым жоғары инвестициялық табыстылықты алуға және тиісінше зейнетақы жинақтарының ұлғаюына ықпал ететін болады.
"Салымшы жеке басқарушы компанияға аударған зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банктің, яғни БЖЗҚ-ның басқаруына қайта қайтаруға құқығы бар. Мемлекет Ұлттық Банктің басқаратын, яғни БЖЗҚ-дағы жинақтар бойынша ғана зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді", - дейді ведомство.
Инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ), яғни инвестициялық компанияға берілген зейнетақы жинақтарына сол ИБП жауапты болады.
"Жыл қорытындысы бойынша ИПБ алған номиналды табыс пен зейнетақы активтері табыстылығының ең төменгі мәні арасындағы теріс айырма туындаған жағдайда осы басқарушы компания аталған айырманы салымшыға өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет", - дейді министрлік.
30 мамыр 2023 ж. 253 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930