Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі

ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі

Зейнетақы активтерінің валюталық портфеліне қатысты жаңа стратегиялық үлестірім аясында зейнетақы активтері дамушы және дамыған елдердің облигациялары мен акцияларының ғаламдық индексіне инвестицияланатын болады. Бұл жерде индекс - тәуекел мен табыстылықтың белгілі бір шамаларына жауап бере алатын қаржы құралдарының жиынтығы. Оларды инвесторлар эталонды портфельдер ретінде қолданады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дербес басқару аясында арнайы механизм әзірледі. Ол макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде инвестициялық жағынан тартымды елдерді таңдауға мүмкіндік береді. Ал бұл елдер JP Morgan және Merrill Lynch компанялары әзірлеген және қадағалайтын, дамушы елдер облигацияларының ғаламдық индексіне енген.
2017 жылы зейнетақы активтерін инвестициялау мақсатында жүргізілген талдау нәтижесінде тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштерге және кредитті крейтингтерге ие 11 дамушы ел таңдап алынды. Олар Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы және Шығыс Еуропа аймақтарындағы мемлекеттер.
2017 жылдың қарашасында Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Бразилия, Мексика, Чили, Перу, Польша, Индонезия және басқа да дамушы елдер Үкіметінің АҚШ долларында номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына кезең-кезеңмен инвестициялау шараларын қолға алды.
2018 жылдың 1 сәуіріне қарай зейнетақы активтерінің 73,29 пайыздан астамы рейтингі «ААА» -дан «BBB-»-ға дейін болатын, тәуекелі ең төмен қаржы құралдарына, ал 15,58 пайызы ұстамды дәрежедегі тәуекелі бар (рейтингі «ВВ+» -тен «В-») қаржы құралдарына орналастырылды. Бұл ретте 849 млрд теңгенің қаржы құралдары (инвестициялық портфельдің 10,08 пайызы) рейтингтік бағаға ие емес. Соған қарамастан олардың эмитенттері алдыңғы қатарлы халықаралық агенттіктер тарапынан барабар кредиттік рейтингтерге ие немесе инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады және олар бойынша қаржыны қайтару жөнінде мемлекеттік кепілдік бар.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz
28 сәуір 2018 ж. 1 201 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 43

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 34

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031