Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жел, көктайғақ: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Жел, көктайғақ: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер азаматтарға ауа райы болжамдарын мұқият қадағалап, көлік қозғалысы кезінде сақ болуға кеңес береді.
Фото: PixabayФото: Pixabay
Қазақстанның бірқатар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. 19 қазан күні ауа райы тұрақсыз болып, жел күшейіп, тұман, көктайғақ және аяз күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 
Елордада түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -1…+1°С, күндіз +7…+9°С шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 12 метрге дейін жетеді.
Атырау облысында желдің екпіні 20 м/с дейін күшейеді, өңірде өрт қаупі жоғары. Ақмола облысында түнде және таңертең тұман, желдің жылдамдығы 20 м/с дейін жетеді. Жетісу, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында да қатты жел күтіледі.
Қызылорда облысында түнде 1–6°С дейін аяз байқалады. Маңғыстау облысында жел 18 м/с, өрт қаупі жоғары. Қарағанды және Жамбыл облыстарында түнгі уақытта тұман мен жел күшеюі күтіледі.
Синоптиктер азаматтарға ауа райы болжамдарын мұқият қадағалап, көлік қозғалысы кезінде сақ болуға кеңес береді.
«Қатты жел мен көктайғақ кезінде ұзақ жолға шықпау, ал ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

19 қазан 2025 ж. 94 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 34

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031