Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2 қазандағы ауа райы: қар аралас жаңбыр, тұман және үсік

2 қазандағы ауа райы: қар аралас жаңбыр, тұман және үсік

Getty Images Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» алдағы тәуліктерге арналған ауа райы болжамын жариялап, бірқатар өңірлерде қолайсыз жағдай күтілетінін хабарлады.
Жамбыл облысында 1 қазанда және түнге қарай жауын-шашын (жаңбырдың қарға ұласуы), көктайғақ болжанады.
2 қазанда тұман түсіп, таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Өңірдің батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында 2 қазанға қараған түні таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, тұман болады. Алакөл маңында желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетуі мүмкін.
Алматы облысында 2 қазан күні оңтүстікте және тауда тұман түседі. Жел 15–20 м/с-қа күшейеді. Солтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда түнде жаңбыр күтіледі.
Маңғыстау облысында 2 қазанда өңірдің батысы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау облысында 2 қазанда солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысында 2 қазанға қараған түні жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Желдің күші 15–20 м/с. Түркістан облысында Таулы аудандарда тұман болады, асуларда жел күші 15–20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік пен батыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында 2 қазанда жаңбыр мен қар жауады. Таңертең және күндіз желдің екпіні 20–23 м/с-қа күшейеді. Батыс Қазақстан облысында 2 қазанға қараған түні 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Кей аудандарда төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысында 2 қазанда желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында 2 қазанда жаңбыр мен қар жауып, кей аудандарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 23 м/с-қа жетуі ықтимал.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 қазан түнінде жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде тұман күтіледі. Желдің екпіні 23–28 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Қызылорда мен Ұлытау облыстарында 2 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысында 1–3 қазан аралығында облыстың көп бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.


02 қазан 2025 ж. 50 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031