Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 қазанға арналған ауа райы: түнде үсік, кей жерде тұман күтіледі

17 қазанға арналған ауа райы: түнде үсік, кей жерде тұман күтіледі

Еліміздің 14 облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Түркістан облысында таулы асуларда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыс бойынша өрт қаупі өте жоғары.
Маңғыстау облысында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі, ал солтүстік, оңтүстік және шығыс аймақтарда өрт қаупі өте жоғары, солтүстік-шығыста — жоғары деңгейде.
Ұлытау облысында желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні кей уақытта 15–18 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары, ал орталық және шығыс бөлігінде — жоғары деңгейде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қарағанды облысында желдің екпіні 15–18 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының батысында солтүстік-батыстан соққан жел 15–20 м/с болады. Өңірдің көп бөлігінде өрт қаупі өте жоғары.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында 15–18 м/с жылдамдықпен соққан жел, ал кей аймақтарда өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады. Ақмола облысында желдің екпіні 15–20 м/с дейін, әсіресе солтүстік-батыс пен шығыста күшейеді.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, әсіресе таулы аймақтарда күтіледі. Кей өңірлерде өрт қаупі жоғары, ал батысы мен солтүстігінде аса жоғары деңгейде.
Қостанай облысында жел 15–20 м/с, оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары сақталады.
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде 1–6 градусқа дейін үсік жүреді.
Жетісу облысында Алакөл маңында жел 23–28 м/с дейін күшейіп, түнде 4–9 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі, ал оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 20–23 м/с дейін жетеді.
17 қазан 2025 ж. 201 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031