Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәтімен өткен сенбілік

Сәтімен өткен сенбілік

Өткен сенбіде ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бұл игі бастамаға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жастар белсене атсалысты.
Сенбілік барысында Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, Қ.Пірімов, Қ.Ерімбет сынды орталық көшелердің бойы, аяқ су арықтары мен жаяу жүргінші жолақтары мұқият тазаланып, қоршаулар сырланды. Көше бойындағы арам шөптер оталып, жиналған қоқыс қалдықтары арнайы орындарға шығарылды. Бұл шара ауданның санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындарға экологиялық мәдениетті қалыптастыруда үлкен маңызға ие.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев сенбілік барысын арнайы бақылап, бірқатар нысандарды аралады. Ол жауапты мекемелерге көше тазалығы мен көріктендіру бағытында нақты тапсырмалар беріп, жүйелі жұмыстың жалғасатынын айтты.
Айта кетейік, аталмыш экологиялық акция тек аудан орталығында ғана емес, барлық ауылдық округтерде де жалғасын тапты. Ауыл әкімдіктері мен жергілікті тұрғындар да туған жерінің тазалығына үлес қосып, сенбілікті жоғары деңгейде өткізді.
Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қазалылықтар бұл ұстанымды тағы бір мәрте дәлелдеп, туған жерге деген жанашырлықтарын көрсетті. Мұндай – акциялар ел азаматтарының табиғатқа жанашырлықпен қарауын, экологиялық сауаттылықты арттыруды мақсат етеді. Болашақ ұрпаққа таза әрі көрікті қоршаған орта қалдыру әр азаматтың ортақ борышы екенін ұмытпайық.
Арайлым ЖҮСІПОВА
05 тамыз 2025 ж. 244 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 135

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 125

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 114

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 114

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 181

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930