Ағаш көшеттері отырғызылды
Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа дәстүрі қалыптасып, мерекені атап өтудің «Наурызнама» атты онкүндігі жарияланған болатын.
Кеше – аталмыш онкүндіктің соңғы күні – Тазару күні.
Осыған орай барша қазалылықтар ауданның барлық аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды.
Аудан орталығындағы Теміржол вокзалы алдындағы саябақта аудандық Әйелдер және Аналар кеңесінің мүшелері Тазару күніне орай ағаш көшеттерін отырғызды. Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетте ағаш егу рәсіміне қатысып, экологиялық науқанға атсалысты. Сондай-ақ аналармен пікірлесіп, бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғауға, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға үлкен мүмкіндік беретінін жеткізді.
Мұнан соң Әйтеке би кенті мен шет аймақтарда өткен тазалық жұмыстарын аралады.
Айта кетейік, жалпы ауданда өткен бүгінгі сенбілік жұмыстарына 147 мекеме, кәсіпорынның 2982 қызметкері өз үлестерін қосты. 41 дана техникалар жұмылдырылып, нәтижесінде 39,2 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы орынға шығарылды.
Қазалы ауданының баспасөз қызметі