Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық акция аясында тазалық жұмыстары жалғасуда

Республикалық акция аясында тазалық жұмыстары жалғасуда

Қазалы ауданында әрбір сенбі сайын «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.
Акция аясындағы сенбілік бүгін де ауданның барлық аумақтарында жалғасын тапты. Тұрғындармен қатар барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері орталық көшелердегі бей-берекетсіз шашылған қоқыстармен шөптерді шауып, туған жердің тазалығына біркісідей атсалысты.
Әйтеке би кентінде жүргізілген тазалық жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, тазалық жұмыстарына байланысты жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, бұл жолғы тазалық жұмыстары Әйтеке би кенті мен барлық ауылдық округтер бойынша орталық көшелермен адам көп шоғырланатын орындарда өткізіліп, шабылған шөптер мен қоқыстар арнайы орындарға шығарылды.
Барша аудан тұрғындарын экологиялық акцияға біркісідей атсалысып, туған жерімізде тазалық мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырамыз.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
29 маусым 2024 ж. 370 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 66

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031