Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында 1500 түп ағаш көшеттері егілді

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында 1500 түп ағаш көшеттері егілді

Қазалы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, барша аудан жұртшылығы туған жердің тазалығына белсене атсалысты.
Тазалық акциясы аясында аудан ардагерлері, әйелдер және аналар кеңесі, жастар, орманшылар теміржол вокзалы алдындағы Әйтеке би алаңында, ардагерлер үйінің алдындағы саябақта, Жанқожа баба кесенесі мен Рәміздер алаңында, Қазалы қаласындағы Қарасақал Ерімбет атындағы саябақта ағаш көшеттерін отырғызу шарасын ұйымдастырды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов алдымен зиялы қауым өкілдерімен бірге аталған орындарда ағаш көшеттерін отырғызу акцияларына қатысып, аудан көлемінде ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарын аралады.
Ауданда өткен жаппай сенбілік жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері мен тұрғындар, кәсіпкерлер бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде, саябақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Айта кетейік, экологиялық акция аясында өткен тазалық жұмыстарына барлық елді мекендер бойынша 751 адам мен 8 техника жұмылдырылып 17,3 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды.
Сонымен қатар ауданды көркейту-көгалдандыру мақсатында 1500 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

12 қазан 2025 ж. 157 0

Көңіл толқытқан трагедия

24 қаңтар 2026 ж. 121

Күймен көмкерілген кеш

24 қаңтар 2026 ж. 138

Доллар тағы арзандады

23 қаңтар 2026 ж. 191

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031