Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент ажары – кәсіпкерге де аманат

Кент ажары – кәсіпкерге де аманат

Қазалы өңірінде соңғы жылдары елді мекендердің көркейіп, жаңаша сипат алуы күн тәртібіндегі басты мәселелердің біріне айналды. Әсіресе аудан орталығы саналатын Әйтеке би кентінің сәулеттік ажары – аймақтың даму деңгейін айқындайтын көрсеткіштердің бірі.
Осы орайда көшелердің көркем келбеті, нысандардың сыртқы дизайны мен тазалығы тек қана мемлекеттік органдардың емес, кәсіпкерлердің де жауапкершілігін талап етеді. Өйткені халыққа қызмет көрсететін әрбір нысанның сәулеті, санитарлық ахуалы, жарықтандырылуы ауданның жалпы бейнесін қалыптастырады.
Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес Әйтеке би кентінің сәулеттік келбетін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін реттеу, аумағын абаттандыру, түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ абаттандыру қағидатын бұзушылықтарды анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылған болатын.
Комиссия мүшелері кент аумағын аралап, бірқатар нысандарға тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сәулет талаптарының сақталмауы, тротуарларды заңсыз қоршау, кәсіпкерлік нысандар жанында санитарлық тазалықтың талапқа сай болмауы, абаттандыру қағидаларының бұзылуы сияқты кемшіліктер анықталды.
Осыған байланысты меншік иелеріне заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертулер жасалды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, аудан орталығының сәулеттік сипаты кезең-кезеңімен ретке келтірілетін болады.
А. ЖҮСІПОВА
Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
04 қазан 2025 ж. 267 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031