Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс, абаттандыру жұмыстары күнделікті бақылауда

Құрылыс, абаттандыру жұмыстары күнделікті бақылауда

Қазіргі таңда Әйтеке би кентінде құрылыс жұмыстарымен қатар аудан орталығын көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жасалып жатқан жұмыстардың да сапасы күнделікті аудан әкімінің бақылауында.

Бүгінде ауданның бас қақпасы саналатын теміржол вокзалы аумағы мен вокзал алдындағы Әйтеке би алаңын, Жанқожа батыр көшесінің бойында орналасқан Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей, аудан әкімдігі ғимаратының алдын және Жанқожа батыр кесенесінің аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұнымен қатар аймақ басшысының бастамасымен аудан орталығында құрылысы басталған «Руханият» орталығының да құрылысы қарқынды. Қазір орталықтың іргетасын құю жұмыстары жасалуда. иптік үлгідегі орталық жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет салаға жауапты орынбасары және Әйтеке би кентінің әкімімен бірге аудан орталығында жасалып жатқан құрылыс нысандары мен абаттандыру жұмыстарын аралап, жұмыстардың сапасын бақылады. Сондай-ақ мердігер мекемелердің басшылары мен жауапты қызметкерлерімен бірге жұмыс барысын талқылап, тұрғындардың игілігі үшін салынып жатқан бұл нысандарды өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.
27 тамыз 2024 ж. 282 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031