Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыртқы сәулетке де сән керек

Сыртқы сәулетке де сән керек

Аудан мәдениетінің айнасы – оның сәулеті мен тазалығы. Әсіресе, тұрғын үйлер, дүкендер, мекемелер сынды нысандардың сыртқы келбеті аудан ажарын айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Сол себепті нысандардың сыртқы фасадтарын қалыпқа келтіру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып отыр.
Көп жағдайда ғимараттардың сырты тозып, бояуы өңіп, жарнама тақтайшалары ретсіз ілініп, қала көркін бұзатыны жасырын емес. Бұл тек көзге ғана емес, сол аймақта тұратын тұрғындардың көңіл күйіне де кері әсер етеді. Мұндай бей-берекет көріністер қаланың беделін түсіріп, тартымдылығына да кедергі келтіруі мүмкін.
Сол себепті жергілікті әкімдіктер тарапынан нысандардың сыртқы келбетін біріздендіру, жаңарту, жөндеу жұмыстары жиі қолға алынып келеді. Осы бағыттағы жұмыстар ауданда да бастау алды. Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов арнайы құрылған жұмысшы топпен бірлесе вокзал аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың сыртқы қасбетін қалпына келтіру жөнінде кәсіп иелеріне түсіндірме жүргізді. Бастама аясында бірқатар іс-шараларды бекіту жоспарлануда.
– Бұл бастама – әдеттегі әрлеу жұмыстары емес, ұқыптылыққа үндейтін үрдіс. Сондықтан кәсіп иелері өз ғимараттарын заман талабына сай сәндеуге талпынуы тиіс. Өйткені ғимараттың сырты тек сұлулық емес, ол тәртіп пен биік талғамның белгісі. Барша қазалылықтарды қала келбетін бірге қалыптастыруға шақырамын, – дейді аудан әкімінің орынбасары.
Қорытындылай келе, сыртқы келбеті ретке келтірілген әр нысан – сол өңірдің мәдениеті мен өркениетінің көрсеткіші. Бұл бағытта әр тұрғын мен мекеме иесі үлес қосса, аудан ажарлы әрі абыройлы болары анық.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
15 шілде 2025 ж. 27 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031