Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент көркін келтірген

Кент көркін келтірген

Әйтеке би кенті күн санап көркейіп, сәулеттік келбеті ажарлана түсуде. Бұған кез келген жанның аудан орталығын бір айналып шыққанда көзі айқын жетеді.

Осындай кенттің көркіне көрік қосқан нысанның бірі аудан орталығының солтүстік батыс тұсының теміржол өткелі жанындағы “Қазақстан 2030 стратегиясы” белгісі десек артық айтқандық емес. Қасиетті Қазалыға қонаққа келгендердің назары алдымен түсетін бұл жерге биыл абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

– Аудан орталығы Әйтеке би кентінің даму қарқыны жыл санап өсіп-өркендеуде. Кенттің инженерлік-инфрақұрылымын көтеруде көптеген кешенді жобалар қолға алынуда. Сонымен қатар кент аумағынан жаңа тұрғын аймақтар ашылып, жаңа әлеуметтік нысандар халық игілігіне пайдалануға беріліп те жатыр.


Үлкен маңызды жоба саналған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көліктік дәлізінен Әйтеке би кентіне кіре берістегі жолдың жиегіне «Қазақстан 2030 стратегиясы» белгісі орнатылған. Аталған аймаққа 2018 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 675 текше метр саз топырақ, 135 текше метр шеге топырақпен жері тегістеліп, 90 метр бардюр, 450 шаршы метр брусчатка төселді. Сондай-ақ, фолэйрден “Қазақстан 2030 стратегия­сы” белгісі өзгертілді. Қазіргі таңда бұл жерде Қазақстанның Мемлекеттік Туы және қазақтың ою-өрнектері заманауи материалдармен бейнеленген. Сондықтан болар ол сонадай­дан көзге ерекше көрініп, адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға септігін тигізуде, – дейді Әйтеке би кенті әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Бану Шайкенова.
Ж.СОВЕТҰЛЫ


25 желтоқсан 2018 ж. 1 186 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930