Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейірім аңсаған ақсақал

Мейірім аңсаған ақсақал

Фото: Жасанды интеллект
Сырт көзге қарапайым киінген, үстіндегі көнетоз кәстөмі мен тозығы жеткен шәпкесі уақыттың, бәлкім, тағдырдың тауқыметін шеккенін аңғартатындай. Төлеубек ата жасы жетпістің жетеуіне келсе де бейне бір өмірдің өзінен кешірім сұрағандай момақан күйде жүретін.
Күнде кешкілік көше бойында орналасқан бір орындыққа жайғасып, үнсіз ойланып отырады. Жанынан өткен жастарға үмітпен көз салып, кейде бір нәрсе айтқысы келіп, көмейіне тығылған сөзді жұтып жіберетін. Жылылыққа, мейірімге зәру жан екенін кей сәтте өзі де байқамай қалатын...
Кезінде бұл кісі де бір шаңырақтың иесі болған. Келіншегі Гүлзиямен тату-тәтті өмір сүріп, екі ұл, бір қызды дүниеге әкелді. Балалары өскенше тыным таппады. Құрылысшы болып еңбек етіп, үй салды, бәріне жоғары білім берді. Бірақ…
Балаларының үлкен өмірге қадам басқан шағында Төлеубектің өмірінде бәрі күрт өзгерді. Алдымен жарынан айырылды. Кейін ұлдары мен қызы үйлі-баранды болып, әрқайсысы жеке тіршілікке көшті. Басында аптасына бір хабарласып тұратын, кейін айына бір. Ақыры... Ұмытып кеткендей.
Төлеубек қария балаларына еш ренжімейтін. Тек өзінен сұрайтын: «Нем бар еді? Бір ауыз жылы сөзге, мейірімге соншалық мұқтаж болардай не істедім мен?..» Балалары да оны алып кетуге келе қоймады. Бірақ іштегі үміт оны көше бойына шығарып, «бәлкім балалар осы жолы келіп қалар» деп күттіретін.
«Тірі кезінде баласының үйінде бір кесе шай іше алмаған адамның өмірі бос» деп өзі айтушы еді. Сол сөзі енді өзіне ауыр тиіп жүргендей. Соңғы екі күнде Төлеубек ата әдеттегі орнынан көрінбеді. Көршілер де соны бірден аңғарып, себебін білмекке үйіне ентелей жөнелді. Барса, Төлеубек ата орындықта отырған қалпы қатып қалған күйінде табылды. Жерлеуге екі ұлы мен қызы келді. Жылаған болды, ескі суреттерге үңілді. Бірақ бәрі кеш еді. Төлеубек ата өмірінің соңына дейін ешкімнен ештеңе сұрамады. Тек мейірімге ғана мұқтаж еді. Сол мейірімді беруге асықпаған перзенттеріне өмір енді ең үлкен сабағын берді.
Тірі күнінде әкеңнің қадірін білмесең, өлген соң құлпытас қойып, жыл сайын құран бағыштасаң да, кеш. Ата-ананың ең қажет кезі – қартайған шағы. Сол сәтте жанынан табылмасаң, ертең өз балаңнан дәл соны күтпе. Мейірім – ақша да, атақ та емес, ол жүректен шыққан шынайы ықылас. Өкінішке орай, Төлеу атаға сол дүние тірі кезінде бұйырмады.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
20 қыркүйек 2025 ж. 229 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930