Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпұлтты қасиетті қоныс

Көпұлтты қасиетті қоныс

Кезінде тағдырдың тәлкегіне тап болған біршама ұлт өкілдері, қуғын-сүргінге ұшырап, елінен, көшуге тура келді. Осы тұста кеңестің қызыл әскері айдап алып келген өзге ұлт өкілдері, қазақ даласын паналаған. Сол сәтте оларға кеңпейілділік, қонақжайлық пен қарапайымдылықтың төбесін көрсеткен қазақ еліне, барша ұлт сүйсінсе керек. Бүгінде бір ананың баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Міне, Қадір Мырза Әли атамыз жырлаған нағыз қазақ осы болса керек.
Кейін келе қазақ даласын паналаған өзге ұлттар саны арта түсті. Қазіргі таңда этностың жалпы саны 200 мыңнан асады. Сол себепті мамырдың бірінші жұлдызы еліміздің бірлік күні болып есептеледі.

Гулором Журабаева, өзбек ұлтының өкілі:
– Мен осы қасиетті Қазалы жерінде туып, топырағына аунап өскенмін. Кезінде Қазалы қала статусын алмас бұрын уезд болған. Сол уезд шағында ата-тегіміз келіп қоныстанған екен. Мен көшіп келген тумаларымның 5-ші ата ұрпағымын. Отбасымда күйеуім Абдухаким екеуімізден бір ұл және бір қызымыз бар. Сөйтіп өз кезегінде ұрпақ жалғасып, бүгінде екі баламнан бес немере сүйіп отырған жайым бар.
Қазалысушар өндірістік учаскесінде инженер лауазымы бойынша жұмыс жасап жатқаныма биыл 38 жылға толып отыр. Әрине, қиын кезеңде қол ұшын созып, пана болған қазақ жұртына алғысым шексіз. Барша қазақ елін 1 мамыр халықаралық бірлік, ынтымақ және достық күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бірлігіміз жарасып, бір шаңырақ астында көптеген жылдар бойы тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызға қуаныштымын. Осы орайда Қазақстан халқына ыстық ықыласым мен достық лебізімді білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аслан Гильмутдинов, татар ұлтының өкілі:
– Мен 1986 жылы Қазалы қаласында дүние есігін аштым. Аталарым ертеректе осында қоныс тепкен. Қазір жұбайым Розамен үш ұл, екі қыз тәрбиелеп отырмыз.
Еліміздің бар жетістігі мен жеңісіміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», – дейді дана халқымыз. Қазақстан – түрлі ұлт өкілдеріне қиын-қыстау заманда құшағын жая қарсы алған еңселі ел, іргелі мемлекет. Қазақтардың ұлтшылдыққа, нәсілдікке бөлінбейтіні, бауырмалдығы қатты ұнайды. Әрқашан татумыз, доспыз және бір-бірімізбен етене араласа өмір сүрудеміз. Барлығымыз туған жердің төсінде, бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысып, бірлікке өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Наталия Баркова, орыс ұлтының өкілі:
– Қазақстанға 1994 жылы Ресейдің Брянскі облысы, Клинцы ауданынан қоныс аудардық. Сөйтіп Қазалы ауданы, Жалаңтөс баһадүр ауылына тұрақтап, Қ.Пірімов атындағы мектепте тәлім-тәрбие алдым. Кейін жоғары оқуды тәмамдап, Қазалы қаласына яғни, асан жұртына келін болып түстім. Қазіргі таңда екі ұлым, бір қызым бар. Бүгінгі күні қалада №95-інші мектепте мұғалім болып жұмыс жасап жатырмын.
Алдағы Қазақстан халқының бірлігі күні – бұл достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі. Қаншама ұлтқа пана болған Қазақстанның кең шаңырағы астында көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олардың бәрі бірдей таптырмас қасиеттерге ие. Осы елде біз – тату-тәтті өмір сүретін бір халықпыз. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осында деп білемін.

Серік АҚМЫРЗА
30 сәуір 2022 ж. 994 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930