Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынатын болды

Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынатын болды

Фото: © istockphoto.com
Қазақстан мен Моңғолия екі елді байланыстыратын жаңа автомобиль жолын салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігінің ақпаратына сүйенсек, автожолдың жаңа бағыты Өскемен, Риддер қалалары және Туэкта (Ресей) елді мекені арқылы өтіп, Моңғолия шекарасына шығады.

Жаңа маршруттың Қазақстандағы учаскесі Өскемен қаласынан Ресей шекарасына дейінгі аралықта салынып қойды. Оның жалпы ұзындығы – 189 шақырым, 62 шақырымда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Автожолдың көп бөлігі Ресей аумағы арқылы өтеді, егер көрші ел жол салуға келісім берсе, жаңа маршрут 837 шақырымды құрамақ.

Ал қазір қолданыстағы «Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта автомобиль жолы – Моңғолия шекарасы» тас жолының ұзындығы 1 604 шақырымға дейін барады.

«Жаңа автожол жол жүру уақытын едәуір қысқартып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын жақсартып қана қоймай, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуда маңызды қадам болады», - деп атап өтті Көлік министрлігі.
01 қазан 2024 ж. 290 0

Акцияға атсалысуда

21 шілде 2026 ж. 28

Әйел – ұлттың ұйытқысы

21 шілде 2026 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031