Нөсер жауын, бұршақ, дауыл: 12 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады
Еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауады деп болжанып отыр

Синоптиктердің мәліметінше 12 тамызда Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал оңтүстікте аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, таңертең және күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20, таңертең және күндіз кей жерлерде 25 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +20...+22.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +19...+21.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +35...+37.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +36...+38.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+15, күндіз +24...+26.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан 5-10 м/с жел соғады, күндіз екпіні 14 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +33...+35.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +37...+39.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +38...+40.
Оралда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +24...+26.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыс, оңтүстік-батыстан түнде 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +27...+29.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +28...+30.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +25...+27.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +20...+22.
Павлодарда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +24...+26.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр, күн күркіреп, аздаған жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +21...+23.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20, түнде 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +27...+29.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 1-6 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 5-10, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +25...+27.
Семейде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +26...+28.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, түнде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +33...+35.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +35...+37.