Найзағай, аптап ыстық: 1 шілдеде қалаларда ауа райы қандай болады
Ел қалаларының жартысында жаңбыр жауады деп болжанып отыр


Фото: istockphoto.com
1 шілдеде Қазақстанның кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, кей өңірлерде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
1 шілдеде Қазақстанның кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, кей өңірлерде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +26...+28. Батыс, солтүстік-батыстан түнде 3–8, күндіз 9–14 м/с жел соғады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +27...+29. Батыстан, солтүстік-батыстан 2–7 м/с жел соғады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жел соғады.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +31...+33. Батыстан 7-12 м/с жел соғады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +35...+37. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +37...+39. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +22...+24. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +29...+31. Оңтүстік-батыстан түнде 4–9, күндіз 9–14 м/с жел соғады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +27...+29. Солтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +26...+28. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +27...+29. Оңтүстік-батыстан, батыстан 3–8 м/с жел соғады.
Петропавлда күн бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +25...+27. Батыстан 9–14 м/с жел соғады.
Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +24...+26. Батыстан, солтүстік-батыстан 5–10 м/с жел соғады.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +29...+31. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады, дауыл соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +23...+25. Солтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады, екпіні 20–23 м/с жетеді.
Семейде көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27. Солтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +34...+36. Солтүстік-батыстан 6–11 м/с жел соғады.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +32...+34. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады.