Қазақстанда 7 шілдеде ауа райы құбылмалы болады
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2025 жылғы 7 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде циклон және оған ілескен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, республиканың солтүстігінде, шығысында найзағайлы жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Еліміз бойынша жел күшейіп, солтүстік пен шығыста дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыс аймақтарда түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі ықтимал.
Бірқатар өңірлерде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады:
Жоғары өрт қаупі Маңғыстау, Атырау облыстарында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік және оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында күтіледі.
Төтенше өрт қаупі Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстік, батыс және орталық бөліктерінде, Қарағанды облысының батыс, оңтүстік, шығыс өңірлерінде, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде болжанады.
Сонымен қатар, күндізгі уақытта кей өңірлерде аптап ыстық күтіледі:
Алматы облысында +35°C,
Қызылорда облысында +40°C,
Ұлытау облысында +35…37°C,
Жетісу облысының шығысы мен солтүстігінде +35…37°C дейін ысиды.
Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға және ауа райының қолайсыздығы кезінде алыс жолға шықпауға кеңес береді.