Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

Фото: Freepik

Циклон ықпал етіп, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 3 шілдеде еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында нөсер жаңбыр жауады.


«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік және солтүстік-батыста тұман түседі.
Алматы облысында, Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының орталығында, солтүстік-батысында, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстанның солтүстік-батысында, батысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында, Атыраудың оңтүстік-шығысында, Маңғыстаудың батысында, Қарағанды облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында аптап ыстық болады.
03 шілде 2024 ж. 387 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930