Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Циклон әсері: Бүгін елімізде ауа райы құбылмақ

Циклон әсері: Бүгін елімізде ауа райы құбылмақ

Сондай-ақ синоптиктер төмендегі өңірлерде өрт қаупі жоғары екенін атап өтті.
Фото: Pixabay.com
Қазақстанда жұма күні, 2025 жылғы 4 шілдеде, қапырық ыстықтан кейін найзағай ойнап, жаңбыр және бұршақ жауады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК дерегінше, жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күтіледі.
"Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар батыс, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға әсерін сақтайды – осы өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте нөсер жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін… Республика бойынша жел күшейеді, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте – дауылды жел, түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі", - делінген болжамда.
Сондай-ақ синоптиктер төмендегі өңірлерде өрт қаупі жоғары екенін атап өтті:
Жоғары өрт қаупі – Атырау облысының оңтүстігі мен батысында, Ақмола, Павлодар облыстарының батысында, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі, солтүстігі мен орталығында, Ұлытау облысының орталығында.
Төтенше өрт қаупі: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында және Абай облысының оңтүстігінде.
04 шілде 2025 ж. 185 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031