Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент сыйлығы: биыл тағы 66 журналист баспаналы болды

Президент сыйлығы: биыл тағы 66 журналист баспаналы болды

Фото: "Дара" Президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметі
Журналистер күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан "Дара" Президенттік бастамалар қоры Қазақстанның жетекші медиа ұйымдарының қызметкерлеріне пәтер сертификаттарын табыстады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Президентінің Кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай олжалы болғандар мен БАҚ қызметкерлерін құттықтады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл үшінші жыл қатарынан журналистерге пәтер беру шарасы ұйымдастырылып отыр. Бұл - Президенттің отандық медиа қызметкерлеріне деген үлкен қолдауы. Биыл пәтерлер тек журналистерге ғана емес, режиссерлерге, операторларға, корректорларға және отандық медианың өзге де мамандарына беріледі. Сонымен қатар, біз әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аудардық: пәтер иелерінің қатарында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар да бар. Әріптестеріміздің жетістіктеріне қуаныштымыз. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!", - деді Руслан Желдібай.
Бұл жолы пәтер сертификаттары бірқатар отандық медиа ұйымдарының өкіліне табысталды. Олардың қатарында "Qazaqstan" телерадиокорпорациясы, "Хабар" Агенттігі" АҚ, "Qazcontent" АҚ, "Қазақ газеттері" ЖШС, "ЕВРАЗИЯ+ОРТ" ЖШС, "Atameken Business" медиахолдингі, Tengrinews және басқа да БАҚ қызметкерлері бар.
Жаңа баспана тек журналистерге емес, сонымен қатар, дубляж редакторлары, эфир операторлары, дыбыс режиссерлері, телеоператорлар, корректорлар және күн сайын сапалы контент жасауға үлес қосып жүрген өзге де медиа мамандарға берілді. 
"Мемлекет басшысының БАҚ өкілдерін баспанамен қамтамасыз ету бастамасын "Дара" қоры сәтті жүзеге асырып келеді. Қоғамға оң әсер ететін және азаматтардың әл-ауқатын жақсартатын жобаларды іске асыру - біздің негізгі құндылықтарымыздың бірі болып қала береді", - деп атап өтті "Дара" Президенттік бастамалар қорының жетекшісі Мұхамедқали Тауан.
Медиа саласы мамандарына баспана беру - елдегі әлеуметтік қолдаудың үлгісі. Бұл игі бастама 2023 жылдан бері жүзеге асып келеді. Сол уақыттан бері 3 жыл ішінде 199 маман жаңа пәтерге ие болды.

28 маусым 2025 ж. 263 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930