Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Ақордада алғаш рет кадрлық ауыс-түйіс жасады

Тоқаев Ақордада алғаш рет кадрлық ауыс-түйіс жасады

ҚР президенті кеңсесінің бастығы мен ҚР президентінің іс басқарушысы жаңадан тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР президенті кеңсесінің бастығы мен ҚР президентінің іс басқарушысы ауысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы президенті кеңсесінің бастығы болып Нұрлан Онжанов, ал ҚР президенттің іс басқарушысы болып Ерлан Баттақов тағайындалды.
"Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов ҚР президенті кеңсесінің бастығы болып тағайындалсын, ол ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын.

Ерлан Еркінұлы Баттақов ҚР президентінің іс басқарушысы болып тағайындалсын, ол ҚР президентінің іс басқарушысы міндеттерін уақытша атқарудан босатылсын", - делінген қос жарлықта.

Айта кетсек, 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатып, алты жыл сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекет басшысы болды. Ол 20 наурызда салтанатты түрде Қазақстан халқына ант берді.


22 наурыз 2019 ж. 2 662 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031