Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Жеңіс күніне орай бірқатар шараға қатысады

Тоқаев Жеңіс күніне орай бірқатар шараға қатысады

Биыл 9 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіндегі Мәңгілік алауға дәстүрлі гүл қою рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Президент 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиынға қатысады. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Президенттің Жеңіс күні мейрамына орай өткізілетін іс-шараларға қатысуына байланысты БАҚ сауалдарына қатысты жауап берді, – деп хабарлайды Ақорда.

«БАҚ өкілдері Президенттің Жеңіс күні мейрамына орай өткізілетін іс-шараларға қатысуына байланысты сауалдарын жолдап жатыр. Биыл 9 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіндегі Мәңгілік алауға дәстүрлі гүл қою рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Президент 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиынға қатысады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл барлық өңірде соғыс ардагерлеріне кем дегенде 1 миллион теңгеден біржолғы жәрдемақы беріліп жатыр», – деді Руслан Желдібай.

Сонымен қатар ол тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға да материалдық қолдау көрсетілетінін айтты.
«8-9 мамыр күндері облыс әкімдері деңгейінде соғыс ардагерлерімен және олардың отбасы мүшелерімен арнайы кездесулер ұйымдастырылады. Бүкіл еліміз бойынша «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы өтеді. Соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан қажетті көмек алдағы уақытта да жүйелі түрде беріледі», – деді баспасөз хатшысы.
03 мамыр 2022 ж. 846 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930