Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тариф тағы көтерілмек

Тариф тағы көтерілмек

Фото: ашық дереккөзден
Электр энергиясы үшін төлеп келген тариф құны алдағы уақытта тағы көтерілетін болады. Яғни, тариф көлемі 8,475 теңгеге өспек. Бұл туралы Әйтеке би кенттік мәдениет үйінде өткен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның 2025 жылғы электрмен жабдықтау қызметі тарифіне негіздеме атты қоғамдық тыңдалымда айтылды. Жария тыңдауға депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және тұтынушылар қатысты.
Тыңдалымда сөз алған «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Батыржан Көмекбайұлы баяндама жасап, 1 шілдеден бастап тарифті есептеуге жаңа баға қолданылатынын, осыған байланысты өздерінің түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен келіп отырғанын айтты.
Ал облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысының орынбасары Зура Сардарбекқызы, 2025 жылға арналған электрмен жабдықтау қызметінің болжамды тарифтер жобасын таныстырды.
– Тұрғындар шілдеден бастап 1кВт*сағ электр энергиясы үшін орташа бекітілген 25,31 теңгеден 33,785 теңгеге дейін төлейді. Басқаша айтқанда орташа тариф 33,785 теңгені құрайды. Бұл дегеніміз, жеке тұлғалар үшін 29,86 теңге, бюджеттік ұйымдар үшін 57,44 теңге, сондай-ақ өзге тұтынушылар үшін 33,785 теңге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары кәсіпорындары үшін 33,785 теңге, – дейді ол.
Басқарма басшысы Батыржан Көмекбайұлы тұрғындарға тариф өзгеруінің себептерін де түсіндіріп берді.
– Өздеріңіз білетіндей, энергетика саласындағы заңдылықтарға енгізілген өзгерістер негізінде бұрын тұтынушыларға қызмет көрсеткен «Энергосервис», «Шиелі жарығы», «Дәулетэнерго» мекемелері электрмен жабдықтау қызметін тоқтатып,«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-на өтті. Бір емес, бірнеше мекеменің компания құрамына өтуі қосымша шығындардың ұлғаюына әкеп соғып отыр. Өңірде жұмысшылар тарапынан әлеуметтік шиеленісті және жұмыссыздықты болдырмау мақсатында энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерін толығымен жұмысқа қабылдадық. Штат санының үлғаюы, сондай-ақ бұрын соңды бекітілген төмен тариф компанияның электр энергиясын тасымалдап-таратуға, сондай-ақ жаңадан энергиямен жабдықтау қызметіндеқосымша шығындарға ұшыратып жатыр. Сол себепті де тарифтерді көтеруге мәжбүрміз, – деген басқарма басшысы тұрғындарды шығарылған шешімге түсіністік танытуға шақырды.
Қоғамдық тыңдалымда сөз алған мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков «электр энергиясын субсидиялау мәселесін қарастыру керек» деген ұсынысын білдірсе, ал аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш «тарифті тұрақтандырудың тетігін бірлесе табуға тиіспіз» дегенді айтты. Ал үкіметтік емес ұйым өкілі Әлімжан Қияс «тариф бағасын тұтынушыға тиімді етудің жолын тағы да талқылау қажет» деген тілегін жеткізді.
Арайлым ЖҮСІПОВА
28 маусым 2025 ж. 47 0

Ақ парақ пен ақпарат

28 маусым 2025 ж. 48

Тариф тағы көтерілмек

28 маусым 2025 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30