Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан облыстық турнир өтті

Футболдан облыстық турнир өтті


Қазалы ауданында КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазалы ауданының құрметті азаматы атанған Әлмәмбет Әлішевті еске алуға арналған 2012-2013 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футболдан облыстық турнир өтті.
Облыстық турнирге қазалылық аяқдопшылармен бірге Қармақшы, Сырдария, Арал, Жалағаш аудандарынан келген жас спортшылар бақ сынады.


Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ туған жердің өсіп өркендеуіне зор үлес қосқан ардақты азаматтың елге сіңірген еңбегі мен есімі бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.
Тартысқа толы турнирдің қорытындысы бойынша, Әйтеке би кентіндегі №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен жасақталған команда жоғары деңгейде ойын көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды. Ал, жүлделі екінші, үшінші орындарды №18 Қазалы қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Ақтан батыр ауылының командасы өзара бөлісті.
Еске алу турнирінде үздік ойын көрсеткен ойыншылар ұйымдастырушылар тарапынан ескерусіз қалмады. Осылайша «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» номинациялары берілді.
Қаламгердің ұрпақтары мен қадірлі қонақтар жарысты қорытындылап, жеңімпаздарға марапаттарын табыстап, олардың жарқын болашағына ақжол тіледі.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
24 маусым 2025 ж. 182 0

Дөңгелек үстел өтті

24 маусым 2025 ж. 244

IQANAT-та топ жарды

24 маусым 2025 ж. 139

Бас жүлде – Қазалыда

24 маусым 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30