Көшкен елге алтыннан түйе қымбат

Мақсатты қаржы биылғы көктемгі дала жиын-терім жұмыстарын сапалы орындау, отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын арттыруға бағытталған.
Агроаймақ саналатын ауданымыздағы ахуал қандай? Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінен аланыған мәліметтерді сараладық.
Бөлім мамандарының айтуынша, егіс көлемі алдыңғы жылға қарағанда ұлғайған. Диқандар барлығы 18245 гектар ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлап отыр. 2024 жыл оның көлемі – 17 029 гектар болатын.
Дәнді дақылдар үлесі 6 681 гектар. Олардың қатарындағы басты дақыл күріш – 6436 гектар делінсе, жаздық бидай – 200 гектар. Арпа – 40 гектар, тары – 5 гектар. Майлы дақылдар қатарындағы күнбағыс – 5 гектар болса, мақсары – 495 гектар, жалпы көлемі – 500 гектар.
Өткен жылы картоптың қымбаттауы ел үшін актуалдығын көрсетті. Бұл жағдай тағы қайталанбас үшін жоспар түзілген. Картоп – 95 гектар, көкөніс – 951 гектар, жалпы бақша өнімдері көлемін – 2164 гектарды қамтиды деп күтіліп отыр.
Аудан үшін мал азығы да маңызды. Бұл бағыттағы дақылдар көлемі – 8900 гектарды құраған. Жаңа жоңышқа – 2945 гектар, ескі жоңышқа – 5536 гектар, сүрлемдік жүгері – 419 гектар.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2024-2028 жылдарға арналған жол картасындағы көрсеткіштер бойынша бекітілген көлемінен майлы дақылдар 445 гектарға, мал азықтық дақылдар 555 гектарға ұлғайған.
"Тұқымда тапшылық жоқ" , – дейді мамандар.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруге ниеттілерге егіс үшін 1870 тонна күріш, 31,8 тонна жоңышқа және 2,0 тонна мақсары, 28 тонна жаздық бидай, 21 тонна арпа тұқымдары әзір.
2025 жылдың егісі үшін барлығы 4200 тонна тыңайтқыш, 4150 литр гербицид қажеттірлігі туындаған. Бүгінгі күнге дейін олардың 3600 тоннасы яғни 85,7 процент тыңайтқыш пен 1780 литр гербицид жеткен.
Шаруаның қарқынын бәсеңдететін қиындықтың бірі – тозығы жеткен техникалар тұралауы. Қазалыдағы көктемгі дала жұмыстарына барлығы 507 ауыл шаруашылығы техникасы қамтылуда. Толық жөндеуден өткен техникалар қатарында 161 трактор, 87 соқа, 47 тұқым сепкіш, 16 автомашина, 196 трактор тіркемесі бар.
Көшкен жұртқа алтыннан түйе қымбат. Ауа-райы жағдайынан өзге негізгі мәселе жанар-жағар май жайы алаңдатады. Мемлекет тарапынан жеңілдікпен көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының әр литріне 254 теңге белгіленген. Тасымалдау үшін жауапты операторлар "Жібек Жолы ЛТД и К" ЖШС және «PetroRetail" ЖШС тарапынан бүгінгі күнге 84,4 тонна дизель отыны жеткізілген.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабалағандай, шаруашылықтардан көктемгі дала жұмыстарына барлығы 2 миллард 440 миллион теңге қаржы қажет деп есептелінсе, 2 миллиард 202 миллион теңгесі бар. Бұл 90,3 процентті көрсетіп отыр.
"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Байқоңыр" ӘКК арқылы "Кең Дала-2" бағдарламасы арқылы 1 миллиард теңге "Рза Агро" ЖШС-гі 762,5 миллион теңге, "Береке" ШҚ 237,5 миллион теңге несиеге құжаттар дайындап, «Рза Агро» ЖШС 762,5 миллион теңгеге қол жеткізген . «Береке» ШҚ құжаттары қаралу сатысында.
Дала төсін дүбірге бөленген аудандағы диқандар егіс егу жұмыстарына наурыз айының 26-нан бастап кіріскен болатын. Бүгінгі күнге дейін 5536 гектар ескі жоңышқаның 5536-сы тырмаланып, 4056 гектары суарылған. Межеленген 2945 гектар жаңа жоңышқаның 2072 гектары, 200 гектар жаздық бидайдың 65 гектары егілген. 40 гектар арпаның 40 гектары және 495 ггектар мақсарының 185 гектары егілген. Бүгінде жұмыстар жалғасуда.
Қазір аудан бойынша барлығы 52 дана су сору қондырғылары пайдаланылуда. Олардың 40-ы Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінде және ауылдық округтерде бар болса, 9 данасы ауыл шаруашылығы құрылымдарында. 3 дана электрлі су сору қондырғысы "Қазалысушар" өндірістік учаскесінің теңгерімінде. Аталған қондырғылар дайындыққа келтірілген.
Су тапшылығын еңсеріп, мол нәтиже алу бағытындағы жұмыстар аясы жыл санап артуда. Суармалы суды үнемдеу технологиясын пайдалана отырып, барлығы 275 гектар жерге егіс егу жоспарланған. «РЗА» АҚ жаңбырлатып суғару арқылы 269 гектар сүрлемдік жүгері, «Smart Agro» ШҚ тамшылатып суғару тәсілі арқылы 6 гектар бақша екпек.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА