Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемгі егіс жұмыстарына фермерлерді қаржыландыру биыл басталады

Көктемгі егіс жұмыстарына фермерлерді қаржыландыру биыл басталады

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Вице-премьер "КенДала" бағдарламасы бойынша көктемгі жұмыстарға қол жетімді қаражатты күзде алған жөн екенін атап өтті.
2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру биыл басталады, деді вице-премьер Серік Жұманғарин Қостанай облысының фермерлерімен кездесу кезінде.
"Біз фермерлерді қолдау көлемін біртіндеп арттырып жатырмыз. Атап айтқанда, көктемгі-күзгі дала жұмыстарына жеңілдігі бар қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтамыз, оның шамамен 40%-і "Даму" қоры арқылы кепілдендіріледі. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке кредиттеу көлемі 100 млрд теңгеден 200 млрд теңгеге дейін өседі. Нәтижесінде жыл сайынғы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін фермерлерді қолдау сомасы 900 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Биыл біз 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруды бастаймыз", — деді Серік Жұманғарин фермерлерге.

Вице-премьер өңірлерде фермерлер жаңа жылдың басында көптеген қажетті тауарлардың бағасы өсетінін, сондықтан "КенДала" бағдарламасы бойынша көктемгі жұмыстарға қол жетімді қаражатты күзде алған жөн екенін айтқанын жеткізді.
"Биылғы қараша-желтоқсан айларында біз бұл процесті бастаймыз. Үлкен жоба бойынша жеңілдігі бар қаржыландыру көлемін келесі жылға жылдық 2,5% мөлшерлемемен 100 млрд теңгеден 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтып, несиелеу үшін тағы 8 жаңа бағыт қосамыз. Бұл – етті мал шаруашылығы, өнеркәсіптік жылыжай кешендері, жеміс сақтау қоймалары, балық өсіретін балық өңдеу шаруашылықтары, орау өндірісі, терең өңдеу және басқалары", — деп нақтылады Серік Жұманғарин.

Екінші деңгейлі банктер мен басқа да қаржы институттарының жеңілдігі бар қаржыландыруын, сондай-ақ айналым және инвестициялық қаражат түріндегі қолдауларды қосқанда, мемлекеттік қолдау көлемі 1,3 – 1,4 трлн теңгеге дейін жеткізілетін болады.
26 қыркүйек 2024 ж. 160 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 81

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930