Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұқпалы дерт жұтатпасын

Жұқпалы дерт жұтатпасын

Микробтың адам ағзасына түскеннен бастап аурудың пайда болуына дейінгі уақыт 2 сағаттан бастап 7 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Ауру адамда асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен қатар әлсіздік, дене қызуы, іштің бүріп ауруы, жүрек айну, құсу, іш өту клиникалық белгілері болады. Жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Инфекция көзі – ішек инфекциясының клиникалық айқын немесе жойылған түрі бар науқас, сондай-ақ тасымалдаушы. Науқастар қоздырғыштарды қоршаған ортаға нәжіспен, құсумен шығарады.
Жіті ішек ауруының алдын алу шаралары:
– Жеке бас және үй гигиенасын сақтау;
– Дәретханадан шыққанда, көшеден келгенде және үй жануарларымен байланысқа түскеннен кейін қолды сабынмен жуу;
– Ішуге, соның ішінде балалардың қоректену қоспаларын дайындауда сапалы ауыз суды пайдалану;
– Баланы емізу және қарау кезінде жеке бас гигиенасын сақтау;
– Тез бұзылатын өнімдерді және дайын тамақты сақтау мерзіміне қарай 2-6 °С температурасында сақтау;
– Тамақ өнімдерді белгіленбеген жерден, қолдан сатып алмау;
– Тамақ өнімдерін, соның ішінде ет және ет өнімдерін сатып алу кезінде сапасын куәландыратын құжаттарды талап ету, сонымен қатар, сыртқы түріне, иісіне, мерзіміне және өнімдерді сақтау жағдайына назар аудару.
Жазира КЕҢЕСБАЕВА,
«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС-ның
күндізгі бөлім мейіргері

30 наурыз 2025 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031