Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орман өрті ойландыруы тиіс

Орман өрті ойландыруы тиіс


Табиғат байлығы – адам баласына ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан мол қазына. Оны көздің қарашығындай сақтап, келер күнге таза күйінде қалдыру, қоршаған ортаны зиянды әрекеттерден қорғау – баршаға ортақ міндет.
Табиғаттың ажырамас бөлігі саналатын адамның табиғатсыз, табиғаттың адамсыз өмір сүруі мүмкін емес.
Ормандар қаншама еңбек пен күштің нәтижесі. Оның қорының кеміп, флора мен фаунаның құруына залалын тигізетін бірден-бір кедергі – орман өрттері.
Орман өрттерінің негізгі себептері қарапайым, адамдардың абайсыз амалдары. Мәселен, сөндірілмеген шылым не сіріңке өртті өрістетуі мүмкін.
Негізгі себептің бірі – аңшылықтың салдары. Аңшылар атқан оқтан кейде бықсып, шөптер жанып тұтанады.
Егіс науқаны кезінде көбіне механизаторлар өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді. Тұтануға бейім майланған материалдар мен қалдықтарды белгіленбеген орынға қадырып кетеді. Кейде көлік жанында шылым шегеді немесе от тұтауы мүмкін өзге де қауіпті әрекеттерді жасайды. Сондай-ақ орман алаңдарына жақын жерлердегі егістің орнын жағуда да талаптар сақталып, байқастық болу керек.
Табиғи апатқа себепкердің бір тобын тынығушылар құрады. Орман ішінде болған саяхатшы, демалушылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары қуарған шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге алау жағады.
Осындай салғырттық салдары орман өрттерінің қаулауына алып келеді. Тілсіз жаудың бұл түрі үлкен жылдамдықпен тарайды және орасан үлкен аймақты өртеп жіберуі мүмкін. Сол себепті табиғат берген байлықты сақтап, орман қорын қорғап, өсімін молайтуға көпшілік болып атсалысу – әрқашан да түйткілді, маңызды міндет.
Орман өрттері орын алса, табиғи өзгерістер ықтималдығы мен қауіптілігі күшейеді. Өрт кезінде шыққан түтіннен тараған қалдықтар мен бөліністер адам денсаулығына зиян келтіреді. Өсінділер мен жануарлар дүниесіне қиындық тудырып, демалатын жерлер аймағын тарылтады. Ұлғаюы адам мен өзге де материалдық шығындарға ұшыратуы мүмкін.
«Сақтансаң – сақтаймын» дегендей, әр адам табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілікті өзінен бастап, айналасынан да талап етуді ешқашан естен шығармауы тиіс.

Арман БАЙТІЛЕС,
Қазалы орман жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесінің
Сарбұлақ орман басшысы
01 сәуір 2025 ж. 198 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930