Табиғат байлығын тілсіз жаудан қорғайық
Жалпы, Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ КММ-нің Қарақұм орманшылығында 157 458,0 гектар орман қоры бекітілген. Орман және дала өрттерінің алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары аудан көлемінде мекемелерде жиі жүргізіледі. Осыған орай ескерту хаттары таратылады. Орманға барар жолдарда, хабарлама тақтайшалар ілініп, өрттен сақтандыру шаралары жүргізіледі, деп хабарлайды qazaly.kz.
Табиғат берген байлықты сақтап, орман қорын қорғау – адамзаттың борышы. Дегенмен қазіргі кезде демалыс аймағына қоқыс лақтырып, қалдықтарды шашып кетушілер қатары көбейіп кетті. Егер демалушылар ескертулерге мұқият мән берсе, орманды өрттен сақтау жұмыстары жеңілдейді. Соны біле тұра оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажеттігін естен шығарады.
Орман-тоғайларда өрт орын алса, оңайлықпен сөнбейді. Мұндайда жан-жағын жалмаған жалын алдымен айналасындағы бірнеше шақырым жерге дейінгі өсімдік ағаштарын, аң-құстардың ұяларын жояды. Бау-бақша егу мақсатындағы егістік жерлерге де зиянын тигізеді. Сол себепті де, тілсіз жаудан қорғану қауіпсіздігі шараларына аса мән беру қажет.
Үйілген шөп-шалаңды бей-берекет жағудың зардабы орман-тоғайды абайсызда қатерге душар етіп, қоршаған ортаны отқа орайды. Сондықтан табиғат берген байлықты сақтап, орманды өрттен қорғайық.

А.ПРМАНОВ,
Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
ММ КММ-нің Қарақұм орманшылық басшының көмекшісі