Экологиялық жағдай жадымызда жүрсін
Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс пайда болған. Демек ешбір жан онсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті – бөліп шығарған қалдығынан өзін тазартып отырады. Керсінше адам баласының іс-әркеттері арқылы орын алған жайсыздықтан уланып, ластанады.
“Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады” деп айтылғандай, қазіргі уақытта экология жағдайы дүниежүзін алаңдатып отырған ғаламдық мәселе. Сондықтан әрбіріміз осыған жіті мән беріп, мұның алдын алуымыз қажет. Таза табиғат үшін күрес, өмір үшін күрес. Олай болса Табиғат-Ананың неден зардап шегіп тұрғанын сезініп, өз көмегімізді беруге дайын тұрғанымыз жөн.
Табиғаттың сұлу да сымбатты жаратылысына хайуанаттар да жатады. Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлығына алған. Ал бүгінгілер өзен, көлді суалтып, жасыл шалғынды, орман тоғайды азайтуда, тау мен даланы тескілеп, шаңын аспанға шығаруға құштар.
Біздің көшіп-қонып жүріп, өмір сүрген ата-бабалар жер беті – табиғат аман тұрса ғана адамның денсаулығы қалыпты болатындығын ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп отырған.
Табиғат – ортақ үйіміз. Күнделікті тұрмысымызда осыған айрықша мән беріп, өзіміз туған ауыл мен ауданның экологиясын сауықтырып, жасыл желекті молайтып, суымызды ластамай, аялауды бір сәт те естен шығармағанымыз ләзім.

Мөлдір ВАЛИЕВА,
«Республикалық орман селекциялық тұқым
өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік-батыс аймақ
филиалы директорының міндетін атқарушы