Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңімпаз атанды

Жеңімпаз атанды

Ұлттық ойынды насихаттау барысында елде асық атудан сайыстар өткізілуде. Соның бірі – Тараз қаласында өткен асық ату спортынан 2009-2011 жылдары туылған (ұлдар, қыздар) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты.

Қазалы ауданының намысын қорғап, ептілігімен көзге түскен жерлесіміз ақжолтай хабарымен қуантты. Айзере Даулетқазин чемпионатта жекелей 3-ші сақа арасында жүлделі I орынды қанжығасына байлап, аудан мерейін тасытты. Айта кеткен жөн, жас спортшы Шәкен ауылындағы №134 мектептің оқушысы. Осы білім ордасындағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, әрі әкесі Нұрлыбек Өмірзақов оны осы спорт түріне баулып, шеберлігін шыңдады. Ауданда, облыста топ жарған Айзере ҚР чемпионатына жолдама алған болатын. Асық атудан «асығы алшысынан түсті» деген осы емес пе?

Айнұр ӘЛИ

30 наурыз 2025 ж. 430 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031