Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңару мен тазалық айы

Жаңару мен тазалық айы

Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы ел бойынша биыл да жалғасын тапты. Сенбіде ауданда осы акция аясында сенбіліктер өтті. Мақсат – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру.
Тазалық жұмысы барысында кент айналасы абаттанып, көшелер күл-қоқыстан тазарып, артық шөптер шабылды. Иә, ауламыз бен есік алды бірінші көзге түсетін тазалықтың айнасы емес пе?! Берекенің келетін жолы тазалықпен де байланысты екенін ұққан көпшілік сенбілікке серпінмен шықты. Ұлыстың ұлы күні – ­наурыз мерекесіне орай қазалылықтар жаппай сенбілікте төбе көрсетіп, туған жердің тазалығына бір кісідей атсалысты.
Тазалық жұмыстары барысында Әйтеке би кентінің шет аймақтары 5 квартал аймағындағы «Қарамайкөл», «Қазақ» қорымы айналасындағы шашылған қоқыстар жинастырылып, арнайы орындарға шығарылды. Бұл аумақтардағы тазалық жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылды. Сонымен қатар сенбілікте Әйтеке би кентіндегі Т.Бөріқұлақов, Қ.Пірімов, Жанқожа батыр сияқты орталық көшелерге де тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Сенбілікке аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет келіп, сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатқан әрбір аймақ бойынша жауапты басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Ел бойынша наурыз мерекесі қарсаңында өткен жалпыхалықтық сенбілікке аудан тұрғындары да белсенді атсалысып, өздерінің аулалары мен көшелерін күл-қоқыстардан тазартты.
Қош. Қарапайым қолындағы бос құтысын жәшікке емес, көше бойына тастай салатындар бар арамызда. Онымен қоймай, ұн, нанның нәжіспен араласып қоқыс жәшігіне сыймай жатқанын да көріп едік. Қоғамдық қызметкерлер өздеріне бөлінген барлық көшені тазалаумен, жинаумен-ақ күнін атырып, түнін батырып жүргені жасырын емес қой? Қаһарлы қыс қылышын сүйретіп өтті де кетті. Енді міне, жайма-шуақ көктемнің алғашқы айында мерекелік көңіл-күймен жүрміз. Ұсыныс дейік пе, бәлки, өтініш те болар. Әр үйдің, ауланың тұрғындары тазалыққа атсалысып, бой көрсетсе, қаламыз да мұнтаздай таза болар еді. Ауламыздың келбеті, тазалығы – ауданымыздың айнасы емес пе?

Айнұр ӘЛИ
18 наурыз 2025 ж. 270 0

АСЫҚ ОЙНАҒАН ОЗАДЫ

29 наурыз 2025 ж. 52

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 51

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 60

Жеңімпаз атанды

29 наурыз 2025 ж. 54

Жаңа көпір бой көтереді

29 наурыз 2025 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31