Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » НАУРЫЗ ЖАҢАРУ МЕН ТАЗАЛЫҚ АЙЫ

НАУРЫЗ ЖАҢАРУ МЕН ТАЗАЛЫҚ АЙЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы еліміз бойынша биылда жалғасуда.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай қазалылықтар жаппай сенбілікке шығып, туған жердің тазалығына бір кісідей атсалысты.
Тазалық жұмыстары барысында Әйтеке би кентінің шет аймақтары 5 квартал аймағындағы «Қарамайкөл», «Қазақ» қорымы айналасындағы шашылған қоқыстар жинастырылып, арнайы орындарға шығарылды. Бұл аумақтардағы тазалық жұмыстарына арнайы техникаларды жұмылдырылды.
Сонымен қатар сенбілікте Әйтеке би кентіндегі Т.Бөріқұлақов, Қ.Пірімов, Жанқожа батыр сияқты орталық көшелерге де тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді.
Әйтеке би кентінде өткен тазалық жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап, сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатқан әрбір аймақ бойынша жауапты басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Бүгінгі еліміз бойынша наурыз мерекесі қарсаңында өткен жалпыхалықтық сенбілікке аудан тұрғындары да белсенді атсалысып, өздерінің аулалары мен көшелерін күл-қоқыстардан тазартты.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

16 наурыз 2025 ж. 353 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 106

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 93

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 107

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031