Ауданда кезекті сенбілік өтті
Қазалыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары өтті.
Аудан көлемінде өткен сенбілік жұмыстары барысында Т.Бөріқұлақов көшесінің бойымен батыс теміржол өткеліне дейін аралығындағы жол бойында ретсіз шашылған қоқыстар тазаланып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағы, орталық және шеткі көшелері де бей-берекетсіз шашылған күл-қоқыстардан тазартылып, қоқыс қалдықтары техникалар арқылы арнайы орындарға шығарылды.
Аудан орталығы - Әйтеке би кентінде өткен сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиевке бірқатар кемшіліктер бойынша тапсырмалар берді.
Сенбілік жұмыстарына аудан орталығынан бөлек барлық ауылдық округтердің тұрғындары да қатысып, белсенділік танытты.