Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық – баршаға ортақ міндет

Тазалық – баршаға ортақ міндет

Кеше аудан орталығы - Әйтеке би кентінде, шет аймақтарында және ауылдық округтердің барылығында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Нақтыласақ, аудан орталығындағы Жанқожа батыр, Әйтеке би, Т.Бөріқұлақов, Ғ.Мұратбаев, Р.Бағланова, Михайлюк, Қ.Ерімбет көшелері және кенттің сырт жағындағы «Водокачка елді мекеніне барар жол», «Қарамай көл», «Қазақ қорымы», «Мектепбай» каналы аумағында қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет арнайы шығып, аудан тазалығы баршамызға ортақ міндет екенін еске салды. Сонымен қатар аудан тұрғындарымен және кәсіпкерлік нысандардың иелерімен сөйлесіп, тазалыққа бірлесе атсалысуға шақырды.
Аудан көлемінде өткізілген жаппай тазалық жұмыстарының нәтижесінде 35,2 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы орынға шығарылды. Жалпы тазалық жұмыстарына тұрғындардан бөлек 141 мекеме, кәсіпорынның 2701 қызметкері мен 34 дана техника жұмылдырылды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
08 сәуір 2024 ж. 253 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031