Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте өзекті мәселелер талқыланып, нақты тапсырмалар берілді

Мәжілісте өзекті мәселелер талқыланып, нақты тапсырмалар берілді

Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен мәжілісте экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселесі қаралды. Жиында аудан басшысы қала, кент және барлық ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына барлық қаржыландыру көздерін тиімді ұйымдастырып, аудан экономикасының өсімін қамтамасыз етуге қатысты нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар жиында өңірдегі кәсіпорындарды қаржыландырудың тиімді жолдары, инвестициялық жобаларды қолдау, шағын және орта бизнестің дамуына қажетті жағдай жасау мәселелері де талқыланды.
Аудан басшысы мәжілісте қозғалған маңызды мәселелермен қатар, көктемгі егістік жұмыстарын жоспарлау мен тиімді ұйымдастыру мәселесін көтерді. Соған сәйкес егін егу науқанына қажетті жанар-жағармай, техника, тыңайтқыштардың нақты көлемін есептеп, олардың уақытында жеткізілуін қамтамасыз етуді де қатаң тапсырды. Мұнан бөлек аудан тұрғындарына электр энергиясын, жылуды, суды және газды үздіксіз беруде ешқандай мәселе туындамауы тиіс екенін атап өтті.
Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Мәжілісте аудан әкімі құрылыс саласындағы өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік осал топтар үшін сатып алынған тұрғын үйлердің де мәселесіне тоқталды. Осы ретте, тұрғындарға берілген үйлерге мониторинг жүргізуді және биыл құрылысы басталатын тұрғын үйлердің сапасына аса мән беруді тапсырды.
Жиын соңында аудан әкімі қала, кент және барлық ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық жұмыстарын күшейту, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін қалыпқа келтіру, ойын алаңдарында, саябақтар мен аллеяларда сенбілік ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
06 наурыз 2025 ж. 230 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930